Жол апаттарының басым бөлігі елдің оңтүстігінде болды. Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолының 148-шақырымында «Ауди» және «ГАЗ-53» автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан «Ауди» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. «Ауди» автокөлігінде отырған 15 жастағы жолаушы мен «ГАЗ-53» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
Тағы да осы автотрассаның 415-шақырымында «Мазда» және «Тойота» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан екі жолаушы қаза тапты. «Мазданың» жүргізушісі, оның екі жолаушысы мен «Тойотаның» екі жолаушсы ауруханаға жатқызылды.