Сорос қоры 2005-2006-жылдары қаржылық көмек көрсетілетін үкіметтік емес ұйымдарды анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сорос қоры 2005-2006-жылдары қаржылық көмек көрсетілетін үкіметтік емес ұйымдарды анықтады

Сорос қоры 2005-2006-жылдары қаржылық көмек көрсетілетін үкіметтік емес ұйымдарды анықтады

"Сорос-Қазақстан" қорының қамқоршылар кеңесі 2005-2006-жылдары қаржылық көмек көрсетілетін үкіметтік емес ұйымдарды анықтады. Бұл туралы қор басшылығы бүгін, 18-шілдеде таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Шiлде 2005
  • 391
Фото - Caravan.kz

Құжатта атап көрсетілгеніндей, жалпы алғанда 9 үкіметтік емес ұйымға 135 мың АҚШ долларына тең қаржылық көмек көрсетіледі.

Атап айтсақ, Ақмола облысының Атбасар қаласындағы «Ангел» қоғамдық бірлестігі мемлекеттің табиғат қорғау саласындағы бағдарламаларына бұқара өкілдерінің қатысу аясын кеңейту тетіктерін күшейтуге және оларды енгізуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға 14,8 мың долар алатын болды. Алматыдағы «Намыс» қоғамдық бірлестігі мүгедектерді сауықтыруға бағытталған аймақтық және аудандық бағдарламаларды жасауға деп 15 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылық көмекке ие болмақ. «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» 15 мың доллар көлемінде грант алады. Бұл бірлестік қаржыны 15 ауылдық аумақ тұрғындарын бюджеттік шешімдер қабылдауға атсалыстыру мақсатына жұмсамақшы.
Сонымен бірге «Сорос-Қазақстан» қорының қамқоршылар кеңесі 2005-жылдың күзінде халықтың кедей бөлігінің ақысыз заңгерлік көмекке еркін қол жеткізу проблемасына арналған халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастыруға 25,2 мың доллар бөлуге шешім қабылдады. Шараны ҚР әділет министрлігі, Адвокаттар одағы, Қазақстандық адам құқықтары бюросы бірлесе өткізеді.
Қазақстан экономистерінің қауымдастығы «Шикізат өнеркәсібіндегі ашықтық және Қазақстандағы инвестициялық ахуал» тақырыбында зерттеулер жүргізуге 13,4 мың доллар көлемінде қаржылық көмекке ие болмақ.

Перейти к новостям спорта