Осындай соңғы ақпарат кеше , 18-шілдеде 18 сағат 37 минутта полицияның «02» кезекші бөліміне келіп түскен. Белгісіз біреу Павлодардағы №28 мектепте жарылғыш зат орнатылғанын хабарлады. Алайда, арнаулы шаралардың нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.
Облыстық ІІД нақтылауынша, телефон қоңырауының басым бөлігі Павлодардағы түрлі мекемелер- мектептер, коллеждер, темір жол бекеттері, дүкендер мен кинотеатрлардың үлесінде. Бір телефон қоңырауы Екібастұзда жасалды.
Тәртіп сақшылары жарылғыш заттар туралы жалған 4 деректің бетін ашып, екі адам жауапқа тартылды. Павлодарда №9 лицейдің оқушысы лаңкестік әрекет туралы жалған ақпарат беру жөніндегі ҚР қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша сотталды. Тәртіп сақшылары анықтағанындай, бозбала өзінің ұялы телефонынан қоңырау шалған. Ол өзінің сабаққа дайындалмауға байланысты оны өткізбей тастауға бекінгенін хабарлаған. Лицей қабырғасында болған көшпелі сот мәжілісі жасөспірімді екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Қазір облыста телефон қоңырауының фонотекасы жасалуда. Ол келешекте тәртіп сақшыларына осындай қылмыстарды әшкерелеуге қолғабыс болмақ. Сонымен бірге Павлодарда бейнебақылау бөлімшесі ашылуға байланысты қоғамдық орындарда орнатылған таксофондар мен телефон-автоматтар тәртіп сақшыларының назарына ілікті. «Жалған-лаңкестер» көбінесе осындай байланыс құралдарын пайдаланатыны белгілі.