Желілік полиция қызметкерлері Шу аңғарында өсірілген 2 тоннадан астам қарасораны тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желілік полиция қызметкерлері Шу аңғарында өсірілген 2 тоннадан астам қарасораны тәркіледі

Желілік полиция қызметкерлері Шу аңғарында өсірілген 2 тоннадан астам қарасораны тәркіледі

Көліктегі оңтүстік-шығыс желілік ішкі істер департаментінің қызметкерлері Шу темір жол бекетінің маңында Шу аңғарында өсірілген 2 тоннадан астам қарасораны тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Көліктегі оңтүстік-шығыс желілік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Шiлде 2005
  • 512
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, есірткі иісшіл иттерді пайдалана өткізілген шұғыл шара кезінде табылды. Құпия қоймадан барлығы 943 килограмм жаңадан орып алынған жабайы қарасора шықты. 53 жастағы Қырғызстан азаматы марихуана түсімін жинау үшін Қазақстанға әдейі келгенін жеткізді.

Сонымен бірге Көліктегі оңтүстік-шығыс желілік ішкі істер департаментінің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу аңғарындағы шұғыл шара барысында жалпы салмағы 1,1 тоннаны құрайтын жаңадан шауып алынған марихуананы тапты. Кейінірек есірткіні өсіруші — 24 жастағы Алматы тұрғыны есірткінің жаңа партиясымен қоса қолға түсті. Одан 200 мг канабис майы алынды.
Қазір екі күдікті де уақытша тергеу қапасында отыр. Бұл деректерге сәйкес, қылмыстық істер қозғалды.

Перейти к новостям спорта