Семей қаласының әкімі газбен қамтамасыз етуші кәсіпорындарды ауыз жаласып баға көтерді деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қаласының әкімі газбен қамтамасыз етуші кәсіпорындарды ауыз жаласып  баға көтерді деп айыптады

Семей қаласының әкімі газбен қамтамасыз етуші кәсіпорындарды ауыз жаласып баға көтерді деп айыптады

Семей қаласының әкімі Нұрлан Омаров газбен қамтамасыз етуші кәсіпорындарды ауыз жаласып баға көтерді деп айыптады. Бұл туралы ол қаладағы барлық мекемелер мен ведомство өкілдерімен өткізген аппараттық кеңесте мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Шiлде 2005
  • 563
Фото - Caravan.kz

«Сіздер халыққа қарсы ауыз жаласып отырсыздар. Бұған дейін 400 теңге тұрған кішкентай баллон 1200, бұған дейін 550-600 теңге тұрған үлкен баллон 2000 теңгеге жетті. Мұндай озбырлыққа жол болсын! Сіздер мемлекет басшысының республиканың қамы үшін істеп жатқан істерін жоққа шығарып отырсыздар!»,- деді Н.Омаров қаладағы газбен қамтамасыз етуші кәсіпорындардың басшыларына қаратып жасаған мәлімдемесінде.

Семейде газ тапшылығы туындағалы бір жарым айдан асты. Осы уақыттан бері қаладағы үш бірдей газбен қамтамасыз етуші кәсіпорын қаңтарулы тұр. Қызметкерлер түгелдей мәжбүрлі демалысқа жіберілген. Оған себеп — Павлодар мұнай өңдеу зауытының жабылуы болмақ. Ал қалада газдың бағасы екі есе қымбаттады.
Қазір Семейде бір ғана «Центргаз» ЖШС істеп тұр. Ондағы газ қоры ПИК-тер мен Мәңгілік отты қамтамасыз етуге ғана жетеді. Ал жеке меншік секторға арналған газ қоры осыдан бір ай бұрын түгесілген, деді «Центргаз» ЖШС-нің бас инженері Әмина Радикова. Қазір серіктестікте небәрі 62 тонна газ қоры қалды.
Қала әкімі Павлодар мұнай өңдеу зауытының жабылуы жағдайды ушықтыруға сылтау бола алмайды деп мәлімдеді. Елімізде төрт бірдей мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді, деді ол. «Егер жергілікті газбен қамтамасыз етушілер міндетін атқара алмаса, онда оларды рыноктан айдап шығу керек. Бұл қамдардыңыздың бәрі қараусыз қалады деп ойласаңыздар қателескендеріңіз!»,- деп шегеледі әкім.
Қала әкімі газбен қамтамасыз ету саласында бір аптада тәртіп орнатуға тапсырма берді. Ол сонымен бірге өзінің орынбасарына газ тапшылығының туындаруы қаншалықты заңды екенін және газ баллондарына бағаны қымбаттату арқылы жағдайды ушықтырудың кімге тиімді болғанын анықтауды тапсырды.

Перейти к новостям спорта