Министрліктерге сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім бекітілгенге дейін ғарыштық нысанды жасау жұмыстарын тоқыратып алмау үшін жекелеген жұмыстарды атқарып шығу жайын дәйектеу тапсырылды.
Кеңес барысында «Бәйтерек» жобасына қатысты барлық мәселелердің реттелгені айтылды. Атап айтсақ, Қазақстан — Ресей мемлекетаралық келісімдері әзірленді. Екі елдің парламенттері оны бекіту нәтижесінде жобаны тікелей іске асыру мүмкіндігі жасалады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісімге 2004-жылдың 22- желтоқсанында қол қойылды. Келісімге Мәскеуде РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков пен ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов қол қойды.
Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы болып табылатын «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенінің жоспар-жобасы Ресейдің «Ангара» зымыран-ғарышық кешенінің негізінде жасалуда. «Бәйтеректі» Қазақстан мен Ресей тең үлеспен бөліп пайдаланады деп күтілуде. «Бәйтерек» кешенін құру және оны арықарай пайдалану үшін «Қазақстан — Ресей бірлескен «Бәйтерек» кәсіпорны» АҚ құрылды.