Жобаның мақсаты — вирус жұқтрыған екіқабат әйелдерді профилактикалық емдеу мәселелерін шешу, бала туу тәсілін таңдау, жаңадан туған нәрестені антиретровирустық профилактикалық емдеуден өткізу болып табылады.
«СПИД дертіне шалдыққандардың басым бөлігі әйелдер мен қыздар. Дүниежүзінде бұл індетті жұқтырғандардың тең жартысынан астамы әйелдер. Еліміздің көптеген өңірлерінде, соның ішінде Қарағанды облысында да ВИЧ жұқтырған әйелдер мен қыздар саны арта түсуде»,- деді В.Дорт-Гольц. Оның айтуынша, 2004-жылы Қарағанды облысында ВИЧ індетін жұқтырғаны анықталғандардың 41 процентін әйелдер құраған.
1997-жылдан бері аймақта ВИЧ індетін жұқтырған әйелдердің бала көтеру оқиғасы 143 мәрте тіркеліп, 72 адам босанды, деді В.Дорт-Гольц. Осы мерзімде 74 бала дүниеге келіп, 45 бала сау болып шыққан. 2 бала қайтыс болды , ал 25 бала есепке алынды. Олардың арасынан 9 баланың ВИЧ жұқтырғаны анықталса, 3 баланың диагнозын дәлелдеу қажет.