Оңтүстік Қазақстан облысында 30-дан астам қылмысқа қатысы бар қылмыстық топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 30-дан астам қылмысқа қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында 30-дан астам қылмысқа қатысы бар қылмыстық топ құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында 30-дан астам қылмысқа қатысы бар қылмыстық топ қарулы қарақшылық шабуыл кезінде құрықталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

  • 19 Шiлде 2005
  • 369
Фото - Caravan.kz

С.Қаракөзованың сөзіне сенсек, таңғы 4 сағатта полицияның кезекші бөліміне қаладағы бір үйде айқай-шу естіліп жатқаны туралы телефон қоңырауы келіп түседі. Оқиға орнына Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің күзет батальонының екі бірдей кезекші экипажы мен Шымкент полициясының 3-бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Тәртіп сақшыларын байқап қалған күдіктілер қылмыс орнынан іздерін жасыруға әрекет жасағанымен, кешікпей қолға түсті.

Сөйтіп, 19-36 жас аралығындағы 4 жігіт қамауға алынды. Олардың бірі Алматы облысының тұрғыны. Тұтқындардан екі аңшы мылтығы, оқ-дәрілер, бетперделер, қолғаптар, скотч, сондай-ақ, 200 мың теңгенің алтын бұйымдары, 50 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша мен 200 АҚШ доллары тәркіленді.
Тергеу барысында тәртіп сақшылары бұл қылмыстық топтың Ордабасы ауданында жасалған кісі өлтіру оқиғасына, және облыс орталығындағы бірқатар пәтер тонау оқиғаларына қатысы бар екенін анықтады. Мамандардың айтуынша, ұсталғандар әрбір қылмысқа мұқият дайындалып, көбінесе ауқатты адамдарды нысанаға алып отырған.
18-шілдеде облыстық прокуратурадан ұсталғандарды қамауға алуға санкция сұралды. Әзірге оларға қарақшылық шабуыл және қылмыстық топ құрғаны үшін айып тағылып отыр. Тергеу барысында айыптау баптарының саны арта түсуі мүмкін екенін тәртіп сақшылары жоққа шығармайды.

Перейти к новостям спорта