Семейдің 10 жылдық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының жобасы жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің 10 жылдық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының жобасы жасалды

Семейдің 10 жылдық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының жобасы жасалды

Семейдің 10 жылдық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының жобасы жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қаласының әкімі Нұрлан Омаров хабарлады.

  • 19 Шiлде 2005
  • 422
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, кешенді жоспарды қамтитын бұл бағдарлама қаладағы тіршілік деңгейін жақсартуға бағытталған. Онда бірінші кезекте денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, экономика, энергетика, білім беру және мәдениет мәселелеріне назар аударылған. Бағдарлама аясында жылу электр орталығын, қазіргі заманғы екі бу қазандығын, тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарын салу көзделген. Н.Омаровтың айтуынша, бұл жоспарды жүзеге асыруға 150 млрд. теңге қажет.

Тамыз айының үшінші тоқсанында Семей қаласында үкіметтің көшпелі отырысы өтіп, онда бағдарлама жобасы ортаға салынады.
Бағдарлама 10 жылға есептелген. «Егер біз осы мерзімде ойға алғандарымыздың тым құрыса 70-80 процентін іске асыра алсақ, соның өзі қала үшін игілікті шаруа болмақ»,- деді Н.Омаров.

Перейти к новостям спорта