Американдық мамандар ғарыштық аппараттың қозғалтқышын отын компонеттерімен толтыруға кірісті.
АҚШ-тың «Galaxy-14» телекоммуникациялық аппаратын «Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Фрегат» үдеткіш блогының көмегімен жер орбитасына шығарады. Осыған байланысты №31 алаңда «Союз-ФГ» зымыран тасығышын дайындау жұмыстары басталды. Қазір бас кәсіпорын мен «ЦСКБ-Прогресс» бюросының байқоңырлық филиалының қызметкерлері «Вымпел» тәжірибелік-конструкторлық бюросының пайдалану және сынақ орталығы мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары бірлесіп зымыран тасығышты пневматикалық тексеруге дайындауда. Ғарыштық аппарат 2005-жылдың 6-тамызында ұшырылады.