Есеп комитеті ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану дерегін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитеті ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану дерегін анықтады

Есеп комитеті ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану дерегін анықтады

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚР денсаулық сақтау министрлігінің орталықтандырылған жолмен вакцина сатып алуда бюджет қаржысын қаржысын тиімсіз пайдалану дерегін анықтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Шiлде 2005
  • 563
Фото - Caravan.kz

Мәселен комитет «Вирусты гепатиттің «В» түріне қарсы орталықтандырылған тәсілмен вакцина сатып алу» және «Иммундық профилактикалық мақсатта орталықтандырылған тәсілмен вакцина сатып алу» жөніндегі бюджеттік бағдарламалар бойынша қажетті мөлшерден артық 236 млн. теңгенің вакцинасы жоспардан тыс сатып алынғанын анықтады.

Сонымен бірге республикамызда БЦЖ вакцинасының аз дозалы орамасы болмауға байланысты ҚР денсаулық сақтау министрлігі тіркеуде жоқ үлкен флакондар сатып алған. Соның салдарынан вакцина қолданысқа жарамай қалды. 2003 — 2004-жылдары 23,6 млн. теңгеге осындай вакцина сатып алынған. Бұл сатып алынған БЦЖ вакцинасының жалпы көлемінің 72 процентін құрайды.
БЦЖ және АКДС вакциналары сапасыз болып шығуға байланысты республика бойынша жалпы алғанда 2004-жылдың ақпан айы мен 2005-жылдың наурыз айлары аралығында жаңадан туған 164 867 нәрестеге БЦЖ вакцинасы егілмеген және 6-7 жас аралығындағы 229 976 бала ревакцинация шарасына қамтылмаған.
Югославияда өндірілген сапасыз БЦЖ вакцинасын егу салдарынан елімізде ауруға шалдығу немесе асқынуға байланысты 1063 оқиға тіркеліп, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің үстінен 255,9 млн. теңгенің 80 шағымы түсті.
Осыған байланысты республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті ҚР денсаулық сақтау министрлігіне қаржыны жоспарлау және оны тарату жұмыстарын жақсартуды, беті ашылған кемшіліктерді жойып, вакциналар мен дәрілік препараттарды сатып алуда заң бұзушылыққа жол берген лауазым иелеріне жауапкершілік жүктеуді тапсырды.
Сонымен бірге есеп комитеті үкіметке тұрғындар арасында жұқпалы ауруларға қарсы иммунопрофилактикалық шараларды заңдастыру мәселесін қарауға нұсқау берді.

Перейти к новостям спорта