Атап айтсақ, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің «Атамекен» жалпыұлттық одағы республика үкіметі мен ҚР Жоғарғы сотынан Конституциялық кеңестің нұсқаулары орындалмайынша, бұзылатын ғимараттар мен жер учаскелерінің иелеріне қатысты шағымдар беру немесе қарауға уақытша мораторий жариялауды өтінбекші.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыдағы жер қожайындарынан көптеген өтініштер келіп түсуіне байланысты бір топ депутаттар Конституция норамаларына түсініктеме беру туралы Конституциялық кеңеске өтініш жолдаған. Кәсіпкерлер мен қала тұрғындары өз өтініштерінде «Алматыжер» мемлекеттік кәсіпорны тарапынан жер телімдерінің құнын арзанға бағалау деректерін келтірген. Мәселен, «»Алматыжер» мемлекеттік кәсіпорны, «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» мемлекеттік кәсіпорны мен тәуелсіз бағалаушылар белгілеген бір соттық жер учаскесінің құны арасындағы айырмашылық 5 мыңнан 100 мың доллар аралығында ауытқиды. Сонымен бірге Алматы қалалық әкімшілігі мен » Алматыжер» қызметкерлері тарапынан жер учаскесін қайтарып бергісі келмейтіндерді қорқытып-үркіту деректері келтірілген.
ҚР Конституциялық кеңесі мүлікті мемлекеттің мүддесіне деп күшпен тартып алу адам мен азаматтың құқығы мен заңды мүддесіне қайшы келетінін және бұл ҚР Ата заңымен қабыспайтынын мойындаған. Сонымен бірге ҚР Конституциялық кеңесінің қаулысында атап көрсетілгеніндей, 2005-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен Қазақстанда мүлікті мемлекеттің мүддесіне деп мәжбүрлі алып алу ісі заңмен үйлестірілмеген. Осыған байланысты ҚР Конституциялық кеңесі үкіметке меншік құқығына қатысты мәселелер бойынша республика заңдарына түзетулер енгізу және жерді мемлекеттің мұқтаждығына деп алу және бағалау процедураларын реттеу туралы нұсқау берді.
Бүгінгі баспасөз мәслихатына қатысушылар кейбір оңды өзгерістерді де жасырмады. Атап айтсақ, «Алматыжер» кәсіпорны Жылжымайтын мүлік орталығының осыдан жеті жыл бұрын бекітілген базалық кадастрлық құнға қарай белгілейтін бағасынан бас тартты»,- деді В.Резван.
Соған қарамастан, «жергілікті атқарушы билік жер мен мекен-жайларды алу туралы жаппай хабарландырулар тарату және Алматыдағы соттарға шағым түсіру тәжірибесін одан әрі жалғастыруда»,- деді ол. «Алматы қаласындағы соттар «Алматыжер» кәсіпорнының айтқанына жүріп, айдағанына көніп отыр деп айтуға негіз бар»,- деді кәсіпкер. Сонымен бірге оның айтуынша, «жерді Сот сараптамасы орталығынан бағалаушы деген лицензия алмаған қызметкерлер бағалайды».