Электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан Теміртаулық тұтынушылар жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан Теміртаулық тұтынушылар жарықсыз қалды

Электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан Теміртаулық тұтынушылар жарықсыз қалды

Бүгін, 21-шілдеде Астана уақытымен 4 сағат 36 минутта 110 кВт-тық "Қарағанды ГРЭС-і-Астаховка" жоғары кернеулі электр желісіндегі апат салдарынан Теміртаулық тұтынушылар жарықсыз қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, қазір Теміртауда электрмен қамтамасыз ету жүйесінде апаттық шаралар жалғасуда. Таңертеңгі 7 сағаттағы жағдаймен қаладағы емдеу мекемелеріне жарық берілді. Жоғары кернеулі электр жалғастыру желісінің істен шығу себептері тексерілу үстінде.

Перейти к новостям спорта