Алматы тұрғындарының жарықсыз қалуына "Бішкек-Алматы" электр жалғастыру желісіндегі апат әсер етті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғындарының жарықсыз қалуына "Бішкек-Алматы" электр жалғастыру желісіндегі апат әсер етті

Алматы тұрғындарының жарықсыз қалуына "Бішкек-Алматы" электр жалғастыру желісіндегі апат әсер етті

20-шілдеде Алматы облысында "KEGOC" ААҚ-ына қарасты "Бішкек-Алматы" электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан Алматы тұрғындары жарықсыз қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 21-шілдеде АПК АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2005
  • 330
Фото - Caravan.kz

Апат сәрсенбі күні, Атана уақытымен 16 сағат 25 минутта болған. Соның салдарынан Алматы қаласындағы бірнеше аудан мен Алматы облысындағы Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары тоқсыз қалды.

20-шілде күнгі 21 сағат 40 минуттағы жағдаймен электрмен қамтамасыз ету жүйелерін апаттық ауыстыру арқылы барлық тұтынушылар тоқпен қамтамасыз етілді.
Жоғары кернеулі электр желісінің істен шығу себептері бүгін, 21-шілдеде анықталады, деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.

Перейти к новостям спорта