Теміртауда қаланың жарықсыз қалуына әсер еткен 2-ші Жылу электр орталығындағы өрттің себептері анықталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда қаланың  жарықсыз қалуына әсер еткен 2-ші Жылу электр орталығындағы өрттің себептері анықталуда

Теміртауда қаланың жарықсыз қалуына әсер еткен 2-ші Жылу электр орталығындағы өрттің себептері анықталуда

Теміртауда қаланың электр жарығынан мақұрым қалуына әсер еткен 2-ші Жылу электр орталығындағы өрттің себептері анықталуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Шiлде 2005
  • 389
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облыстық мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының ақпаратына сәйкес, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ына қарасты 2-ші Жылу электр орталығындағы өрттің салдарынан қаланың басым бөлігі, соның ішінде әлеуметтік -мәдени және өндірістік кешендер жылусыз және электр қуатынсыз қалды.

Қазір өрт шыққан жерде арнаулы қызметтер, өрт сөндірушілер мен ішкі істер мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жылу электр орталығындағы өрт 20-шілде күні 19 сағат 22 минутта шыққан. Мұнда №21 және №28 кабель туннелдерінде электр кабелі жана бастаған. 4 метрлік тереңдікте жалын 400 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртке үшінші күрделілік дәрежесі берілді. 21 сағат 25 минутта өрт ауыздықталды. Өрт салдарынан ұзындығы 28 метрлік учаскеде 98 метр кабель істен шықты. Сонымен бірге металлургиялық комбинаттың агломерациялық және прокат өндірісінің жұмысы тоқтатылды.

Перейти к новостям спорта