Төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің отырысында сейсмологиялық болжам мәселесі талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің отырысында сейсмологиялық болжам мәселесі талқыланады

Төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің отырысында сейсмологиялық болжам мәселесі талқыланады

27-29-шілдеде Минск қаласындағы ТМД бас пәтерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесінің 19-отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Отырыста халықты, аумақтар мен нысандарды төтенше жағдайлардан қорғау салалары бойынша ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру және оны одан әрі дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді қарау көзделген.

Атап айтсақ, ТМД елдерінің сейсмологиялық төтенше жағдайларға мониторинг жүргізу және оларды болжау саласындағы өзара ықпалдастық тәртіптері қаралады. Сонымен бірге ТМД күштері корпусын дамытудың 2006-2010-жылдарға арналған мемлекетаралық мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспары талқыланады. Кездесуге қатысушылар ТМД-ға қатысушы елдердің құтқарушылары мен судан құтқару қызметтеріне арнап құтқарушылар дайындауға арналған құжаттарады қараумен бірге төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу саласы бойынша ТМД елдері арасындағы ынтымақтастыққа қатысты басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі ТМД мемлекетаралық кеңесі ТМД үкімет басшылары кеңесінің шешімімен 1993-жылдың қыркүйек айында құрылған. Оның құрамына ТМД-ға қатысушы елдердің өкілетті уәкілдері енеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі кеңестің жанынан табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың залал-зардаптарын жою үшін ТМД күштерінің корпусы, төтенше жағдайларды болжау және мониторинг жүргізу жөніндегі ТМД агенттігі мен төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі ғылыми кеңестер құрылып жұмыс істеуде.

Перейти к новостям спорта