Байқоңырда Канаданың жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Канаданың жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда Канаданың жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 21-шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағында жер орбитасына Канаданың Anik F1R телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 21 Шiлде 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Протон-М» зымыран тасығышы бірнеше сатылы арнайы тексерулерден өткізіледі.

Anik F1R телекоммуникациялық жер серігі Байқоңыр ғарыш айлағынан кешікпей Astrium корпорациясының Франциядағы Тулуза зауытына жіберіледі. Жер серігі онда қосымша тексерулерден өткізіледі.
Телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышы 2005-жылдың қыркүйек айында аспан кеңістігіне жол тартады деп күтілуде.
Anik F1R телекоммуникациялық жер серігі Солтүстік Америка аумағында тікелей телехабарларын таратуға арналған.

Перейти к новостям спорта