Алматы қалалық соты "Хабар" агенттігінің бұрынғы мәдениет министрінің үстінен түсірген шағымына байланысты аудандық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық соты "Хабар" агенттігінің бұрынғы мәдениет министрінің үстінен түсірген шағымына байланысты аудандық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды

Алматы қалалық соты "Хабар" агенттігінің бұрынғы мәдениет министрінің үстінен түсірген шағымына байланысты аудандық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы "Хабар" агенттігі" АҚ-ның бұрынғы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Алтынбек Сәрсенбайұлының үстінен агенттіктің іскерлік беделін қорғау және моральдық шығынның орнын толықтырып беру туралы шағымы бойынша алғашқы сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Шiлде 2005
  • 747
Фото - Caravan.kz

«Аталмыш азаматтық іс бойынша Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 13-маусымдағы шешімін өзгеріссіз қалдыруға және апелляциялық шағымды қанағаттандырмауға шешім қабылданды»,- деді Алматы қалалық сотының судьясы Халида Шәріпбаева.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Хабар» агенттігі» АҚ Алматы қаласы Медеу аудандық сотына бұрынғы ақпарат министрі А.Сәрсенбайұлынан 2004-жылдың қазан айында «Деловое обозрение. Республика» газетінде жарияланған агенттіктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығаруға міндеттеу туралы шағым түсірген. Бұл басылымда А.Сәрсенбайұлы «Хабар» агенттігін «Қазақстандағы БАҚ-тар рыногын монополияға айналдырған медиахолдинг» санатына қосумен бірге агенттікті бюджет заңнамасын бұзып отыр деп айыптаған. «Хабар» Агенттігінің атынан түсірілген шағымда сондай-ақ А.Сәрсенбайұлынан моральдық шығынның өтемі ретінде 50 млн. теңге өндіріп алу талап етілген.
Алматы қаласы Медеу аудандық соты «Хабар» агенттігі» АҚ-ның А.Сәрсенбайұлына қарсы шағымын жартылай қанағаттандырып, жауапкерден 1 млн. теңге өндіріп алуға шешім шығарды. Сонымен бірге сот оған «Республика.kz» иентернет-газетінің беттерінде өз айтқандарын жоққа шығаруға міндеттеді. Аудандық сотың шешімімен келіспеген А.Сәрсенбайұлы қалалық сотқа апелляциялық шағым түсірді.
Ал қалалық соттың бүгінгі шешімінен кейін А.Сәрсенбайұлы журналистерге ҚР Жоғарғы сотына шағым түсіру жөнінде ойланатынын мәлімдеді.

Перейти к новостям спорта