Апат Астана-Петропавл тас жолының 105-ші шақырымында шілденің 20-нан 21-іне қараған түні болған. Алдын-ала жорамал бойынша, апаттың шығуына «Мицубиси» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол «Ниссан» автокөлігіне соқтығысу салдарынан «Мицубиси» автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға түскен. «Ниссан» жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, сондай-ақ, «Мицубиси» автокөлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында мерт болды.