Сенат депутаттығынан үміткерлерлі тіркеу шарасы аяқталуға бір апта қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат депутаттығынан үміткерлерлі тіркеу шарасы аяқталуға бір апта қалды

Сенат депутаттығынан үміткерлерлі тіркеу шарасы аяқталуға бір апта қалды

Сенат депутаттығынан үміткерлерлі тіркеу шарасы аяқталуға бір апта қалды. Үміткерлерді тіркейтін соңғы күн - 29-шілде. Бұл туралы KZ-today тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

  • 22 Шiлде 2005
  • 379
Фото - Caravan.kz

22-шілдедегі жағдаймен аумақтық сайлау комиссиялары сенаттағы 16 орын үшін ат ұсынған 78 үміткердің 43-ін тіркеді. 5 адам өз кандидатураларын кері қайтарып алды. Қазіргі жағдаймен сайлау комиссиялары Атырау облысында -3, Жамбыл облысында -4, Қызылорда облысында -4, Маңғыстау облысында — 4, Ақтөбе облысында -4, Батыс Қазақстан облысында — 3, Алматы облысында -2, Шығыс Қазақстан облысында -2, Ақмола облысында -2, Павлодар облысында -2, Солтүстік Қазақстан облысында — 1, Қарағанды облысында -4, Оңтүстік Қазақстан облысында -1 үміткер тіркелді. Алматыда сайлауға үміткер ретінде қатысудан ниет білдірген 12 адамның қазіргі жағдаймен үшеуі өз кандидатураларын кері қайтарып алса, 3 үміткер тіркелді. Астанада ат ұсынған екі үміткер де тіркелді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай,пПарламент сенатының қазіргі депутаттары арасынан 13 адам сайлауға қатысуға ниет білдіріп отыр.
ҚР президенті сенат депутаттарының сайлауын 2005-жылдың 19-тамызына белгілеу туралы жарлыққа қол қойды.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, үміткерлердің атын ұсыну 18-маусымда басталып, 18-шілдеде аяқталады.
Ал үміткерлерді тіркеу шарасы 29-шілдеде аяқталады. Соған сәйкес сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары 30-шілдеде басталып, 17-тамыз күнгі түн ортасына дейін жалғасуға тиіс.
Дауыс беру, дауысты санау және дауыс беру қорытындысын жариялау шараларын облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары 19-тамыз күні жүзеге асырады. Дауыс беру қорытындысы туралы хаттамалар Орталық сайлау комиссиясына 20-тамыздан кешіктірілмей жеткізілуге тиіс.
Жоспар бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын 25-тамыздан кешіктірмей анықтап, сайлау қорытындысы туралы хабарламаны 28-тамызға дейін БАҚ-тарда жариялауға тиіс.

Перейти к новостям спорта