Қырғыз-Қазақстан шекарасында азаматтарды өткізу процедурасы жеңілдетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз-Қазақстан шекарасында азаматтарды өткізу процедурасы жеңілдетілді

Қырғыз-Қазақстан шекарасында азаматтарды өткізу процедурасы жеңілдетілді

Қырғызстан шекара әскерлерінің қолбасшысы Мырзақан Субанов пен ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, ҚР Шекара әскерлерінің директоры Болат Зәкиев Қырғыз-Қазақстан мемлекеттік шекарасында азаматтарды жеңілдетілген тәртіппен өткізетін бөлімше ашу мәселесін шешті. Бұл туралы бүгін, 22-шілдеде KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жанындағы Шекара әскерлерінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Шiлде 2005
  • 389
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, шекаралық ведомстволардың жетекшілері осындай уағдаластыққа жырда Алматыда өткен кездесуде қол жеткізді. Бұл шешім екі елдің шекаралық аудандары тұрғындарының өзара барыс-келісін анағұрлым жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Кездесуде тараптар сыртқы мемлекеттік шекараларда туындаған дағдарысты ахуал кезіндегі өзара шұғыл ықпалдастық жүйелерін зерттеп тексерді. Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық мекемелерінің жетекшілері халықаралық лаңкестікпен күрес, есірткілік заттардың, қару-жарақ пен басқа да контрабандалық заттардың елге заңсыз енгізілуімен күрес, екі ел аумағындағы заңсыз көші-қонмен күрес шараларын жүзеге асыру барысын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылып, шекаралық мекемелердің мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы ықпалдастығына қатысты шешімдер қабылданды.

Перейти к новостям спорта