Павлодарда әрістестерін қорқытып-үркітумен айналысқан екі кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда әрістестерін қорқытып-үркітумен айналысқан екі кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда әрістестерін қорқытып-үркітумен айналысқан екі кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облыстық прокуратурасы Павлодардағы Затон базарын иемденетін екі кәсіпкердің үстінен әрістестерін қорқытып-үркітумен айналысуға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің "қатер төндіру жөніндегі" 112-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Шiлде 2005
  • 323
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментіндегі ақпарат көзінің хабарлауынша, павлодарлық екі тұрғын шағымдана келген. Олардың бірі «Затон базары» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі бас директоры, ал екіншісі директоры көрінеді. Шағымда атап көрсетілгеніндей, базардың басқа екі құрылтайшысы шағым иелерін қызмет бабындағы міндетін атқаруға, базарды басқаруға мұрсат бермей, қоқан-лоққы жасаған. Сонымен бірге екіншісіне фирманың есепшілік және басқа да құжаттарымен танысуға мүмкіндік бермей, құрылтайшылық құқығына нұқсан келтіруде.

Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бұл шағымдарға сәйкес тергеу алдындағы тексерулер жүргізді. Тексеру барысында өтініш иелері алға тартқан деректер дәлелденді.
Облыстық ішкі істер департаментіндегі ақпарат көзінің хабарлауынша, базарда меншікке талас жүріп жатыр. Күдіктілер пайдалы бизнестен фирманың негізін қалаушы өз әріптестерін қылмыстық жолмен ысырып шығаруға әрекет жасауда. Олар бұл ретте облыстық биліктегі туыстық байланыстарын арқа тұтумен бірге жасанды құжаттар пайдаланған деген күдік бар.

Перейти к новостям спорта