ҚР СІМ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны делимитациялау туралы келісім - шарты таяу уақыттарда бекітіледі деген үмітте - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны делимитациялау туралы келісім - шарты таяу уақыттарда бекітіледі деген үмітте

ҚР СІМ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны делимитациялау туралы келісім - шарты таяу уақыттарда бекітіледі деген үмітте

ҚР СІМ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны делимитациялау туралы келісім - шартын Қырғызстан парламенті таяу уақыттарда бекітеді деген үмітте. Бұл туралы бүгін, 22-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында журналистерге ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі, шекара мәселелері жөніндегі үкіметтік делегацияның жетекшісі Мұрат Атанов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Шiлде 2005
  • 576
Фото - Caravan.kz

М.Атановтың түсініктемесіне сәйкес, Қырғызстан Жогорку Кенешінің жұмыс кестесіне сәйкес, шекараны делимитациялау туралы келісім комитеттерде табысты келісілді. Алайда, құжат парламенттің отырысында таныстырылуы тиіс күні Бішкекте биліктің алмасуына алып келген белгілі оқиғалар болды.

Елшінің айтуынша, қазір аталмыш келісім-шарты қайтадан парламенттің қарауына ұсынылуда. Келісім бекітілгеннен кейін бұл учаскеде комиссия екінші кезең жұмыстарын қолға алып, мемлекеттік шекара сызығы белгіленеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстанмен арадағы мемлекеттік шекара сызығы туралы келісімді бекіту туралы заңға Қазақстан президенті 2004-жылдың шілде айында қол қойды. Мемлекеттік шекара «Қазақ және Қырғыз КСР-і арасындағы әкімшілік-аумақтық шекараның негізінде», сондай-ақ, өзара келісілген картографиялық материалдар негізінде делимитацияланды. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзындығы 1241,58 шақырымды құрайды.

Перейти к новостям спорта