М.Сандыбаевтың ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен бұл өңірде сүт безінің қатерлі ісігі басқа да осы тектес дерттердің арасынан екінші орында тұр. «Жыл сайын біздің диспансерде емдеуден өтетін 4 мың адамның бір мыңы — сүт безінің қатенрлі ісігіне шалдыққандар»,- дейді М.Сандыбаев. Жыл сайын осындай диагноз 200-дей адамға жаңадан қойылады, деді ол.
Әйелдердің 50 проценті емдеу мекемелеріне аурпу әбден асқынған сәтте келетіндігі жағдайды тіптен ушықтыра түсуде, деді М.Сандыбаев. Оның айтуынша, кейінгі кездері қалқанша бездің қатерлі ісік детіне шалдыққандар саны үш есе артты. «Бұл ауру- радиацияның индикаторы екені мәлім»,- деді ол.