Үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты заңдардың бірқатар баптары Қазақстан Конституциясына қайшы келеді - Үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясы - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты заңдардың бірқатар баптары Қазақстан Конституциясына қайшы келеді - Үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясы

Үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты заңдардың бірқатар баптары Қазақстан Конституциясына қайшы келеді - Үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясы

Үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты екі заңның бірқатар баптары Қазақстан Конституциясына қайшы келеді. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының сарапшылары осындай тұжырымға келді,- деп мәлімдеді бүгін, 22-шілдеде Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының президенті Валентина Сиврюкова.

  • 22 Шiлде 2005
  • 927
Фото - Caravan.kz

«Конфедерация сарапшылары жасаған қорытындының негізінде біз коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметін реттеуге бағытталған заңдарда шектеулер айрықша көп деген тұжырымға келдік»,- деді В.Сиврюкова. «Мұндай ережелерді енгізу аталмыш заңдар алға қойған міндеттермен қабыспайды»,- деді ол. «Бұл шектеулер заңдар аясында жұмыс істейтін ұйымдардың жұмысына кедергі келтіріп, Қазақстан тұрғындарының құқығы мен бостандығына кері әсер етеді»,- деп пайымдайды конфедерация сарапшылары.

В.Сиврюкованың айтуынша, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының сарапшылары «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» заңның тәртіптері Қазақстан Конституциясына қайшы келеді деп тапты. Заңға сәйкес халықаралық ұйымдар Қазақстандағы өз іс-қызметін тек өз филиалдары арқылы ғана жүзеге асыруға тиіс. «Заңның бұл нормалары халықаралық ұйымдарға Қазақстанда конференция және басқа да бірлестіктер деңгейінде жұмыс істеуге кедергі келтіреді»,- деді ол.
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының қорытындысына сәйкес, халықаралық немесе шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалының жетекшісі етіп тек Қазақстан азаматын ғана тағайындау туралы норма алалаушылық сипаттағы норма болмақ. Конфедерация мүшелерінің пайымдауынша, бұл норма «азаматтар мен Қазақстан аумағында заңды тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқығын бұзу болып табылады».
Сонымен бірге Конфедерация сарапшыларының пайымдауынша, «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» заңның тәртіптері коммерциялық емес ұйымдарды жергілікті атқарушы мекемелерге іс-қызметін қаржыландыру туралы төлемдік тапсырамалардың көшірмесін әкеліп тапсыруға міндеттеу арқылы шаруашылық субьектілерімен бірдей емес жағдайға қалдырады.
Сонымен бірге заңның қайырымдылық іс-қызмет пен құрмалдықтарды тек екінші деңгейлі банктр арқылы жүзеге асыруға және жергілікті атқарушы билікті хабарландырып отыруға міндеттейтін тәртіптері Конституцияға қайшы деп санайды конфедерация сарапшылары.
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының қорытындысы бүгін Конституциялық кеңеске табыс етілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Конституциялық кеңес Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясына «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заңдарымен танысып, Конституциялық сотқа өз қорытындысын таныстыруды өтінген болатын. Сонымен бірге бұған дейін Конституциялық сот мемлекет басшысының аталмыш заңдардың Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін қарауға қабылдаған.

Перейти к новостям спорта