Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, апат 7-тамызда Алматы-Екатеринбург тас жолының 971-шақырымында болған. «ВАЗ-2106» және «Фольксваген» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан бес ер адам, екі әйел мен 13 жас шамасындағы бір бала оқиға орнында мерт болып, «ВАЗ-2106» жүргізушісі ауруханаға түсті.
Зардап шеккен адам мен қаза тапқандардың аты-жөні анықталу үстінде.