Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, 3-тамызда Рудный тұрғындарының пәтеріне телефон қоңырауын шалып, өзін оралмандардың исламдық ұйымының мүшесімін деп таныстырған бір белгісіз еркек : «кешкі сағат 8-ден кейін көшелерден балаларыңды алыңдар, қанды қырғын болады» деп қорқытқан. «Біз орыстар мен орыстанып кеткен қазақтарды жайрататын боламыз»,- деп мәлімдейді әлгі.
Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Жұмысы бар, егделеп қалған Рудный тұрғыны жалған лаңкес болып шықты. Ұсталған адам тұрғындарды қорқытқанын мойындады. Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.