Павлодар облысында қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бірнешге жауапты басшылары жұмыстан босатылды - түзетілген нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында қылмыстық атқару жүйесі комитетінің  бірнешге жауапты басшылары жұмыстан босатылды - түзетілген нұсқа

Павлодар облысында қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бірнешге жауапты басшылары жұмыстан босатылды - түзетілген нұсқа

Қызмет бабындағы тексерулер нәтижесінде Павлодар облысында қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бірнеше жауапты қызметкері, соның ішінде тергеу абақтысының бастығы Серік Қарыпбаев жұмыстан босатылды. Сонымен бірге қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының бастығы Құмар Түктібаевқа сөгіс жариялвнды. Бірнеше жауапты қызметкердің атқарып келген қызметіне лайық емес екені жарияланып, үш бақылаушы жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 8 Тамыз 2005
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 3-тамызда шаруашылық жұмыстармен айналысып жүрген И.Бабичук есімді тұтқын абақтыдан қашып кеткен болатын. Қашқын 6 сағаттан кейін қолға түсті. И.Бабичук ҚР Қылмыстық кодексінің «денсаулыққа ауыр зақым келтіру» жөніндегі 103 -бабы, 2-мармағы бойынша сотталып, төрт жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Ол жазасын жалпы тәртіпті абақтыда өтеп жүрген.

Министрлікте өткен кеңесте ҚР әділет министрінің орынбасары Серік Нұғманов Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі комитеті мен АП 162/1 мекемесінің жұмысына қатаң сын айтты. Тексерулер нәтижесінде басшылық тарапынан өрескел кемшіліктер жіберілгені, соның ішінде тергеу абақтыларының іс-қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың талабы орындалмай келгені анықталды. Сонымен бірге АП 162/1 мекемесіндегі бақылаушылардың өздеріне жүктелген қызметті атқару тәртіптерін бұзу деректерінің беті ашылды.
С.Нұғманов тұтқыннның қамаудан қашуына мүмкіндік берген себептер мен жағдайларды жою, тұтқындарды күзету және жалпы режимді күшейтуге нақты шаралар қолдануды міндеттеді.

Перейти к новостям спорта