Еуропалық Одақ Ресей мен Қазақстаннан құс етін әкелуге тыйым салмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық Одақ Ресей мен Қазақстаннан құс етін әкелуге тыйым салмақшы

Еуропалық Одақ Ресей мен Қазақстаннан құс етін әкелуге тыйым салмақшы

Еуропалық Одақ ұйымға мүше елдердің аумағына Ресей мен Қазақстаннан құс етін әкелуге осы аптаның аяғынан бастап тыйым салмақшы,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

  • 8 Тамыз 2005
  • 392
Фото - Caravan.kz

Еуропалық комиссияның жоғары лауазымды бір қызметкерінің Ресей ақпараттық агенттігіне хабарлауынша, Еуроодақ осындай қадам арқылы Ресейдің шығыс бөлігінде белең алған «құс тұмауынан» сақтануға тырысуда. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, «құс тұмауының» вирусы мутациялық өзгеріске ұшырау және оның адамдарға жұғу қаупі бар.

Бүгінгі жағдаймен Ресей де, Қазақстан да Еуроодақ елдеріне құс және құс өнімдерін ірі көлемде экспорттаумен шұғылданбайтындықтан, тыйым бар болғаны нышандық сипатта.
2004-жылдың қаңтар айында Еуропалық Одақ құс фермасының өнімдерін одаққа мүше елдердің аумағына әкелуге тыйым салынған елдердің арнайы тізімін шығарған. Алдағы аптада осы тізімге Ресей мен Қазақстан да қамтылатын болды.

Перейти к новостям спорта