Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, 7-тамызда Ұлытау-Жезқазған автожолының 35-шақырымында «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында мерт болып, автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға түсті.
8-тамызда Жезқазған-Қарағанды автожолының 55-шақырымында «КАВЗ» автобусы аударылу салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, екі адам ауруханаға түсті.