Шымкентте героин сатты деген күдікпен полицияның жоғары лауазымды офицері қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте героин сатты деген күдікпен полицияның жоғары лауазымды офицері қолға түсті

Шымкентте героин сатты деген күдікпен полицияның жоғары лауазымды офицері қолға түсті

Шымкентте героин сатты деген күдікпен полицияның жоғары лауазымды офицері қолға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне құқық қорғау мекемелеріндегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 9 Тамыз 2005
  • 438
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің айтуынша, 6-тамызда Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бір басқармасы бастығының орынбасары болып табылатын полковник сыбайласымен бірге ұсталды. Ақпарат көзінің хабарлауынша, әлгілер 4 келі героин сатуға әрекет жасаған.

Полковниктің үйіндегі тінту кезінде 19 мың АҚШ доллары мен «Макаров» тапаншасының 19 оғы табылды. Ақпарат көзінің айтуынша, бұл ақша есірткі саудасынан түскен.

Перейти к новостям спорта