Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық альянсы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық альянсы құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық альянсы құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық альянсы құрылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2005
  • 383
Фото - Caravan.kz

Осындай бірлестік құру туралы бастаманы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық «Атамекен» одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мен біорқатар үкіметтік емес ұйымдар көтерген. Ондағы мақсат — әлеуметтік мәселелерді күш біріктіре шешу, қоғамдағы әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға мейлінше тиімді көмек көрсету.

Бұған дейін кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар өзара байланыссыз, бытырау-тарау жұмыс істеп келді. Үкіметтік емес ұйымдар мүгедектерге қолғабыс көрсету, зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық қолдау көрсету, тұрғындарға ақпараттық қызметтер көрсету, семинарлар мен дәрістерде оқыту тәрізді жұмыстармен айналысты. Ал кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға материалдық тұрғыда жәрдемдесті. Алайда, іс-қызметті өзара үйлестірмеу салдарынан қайырымдылық көмектердің тиімділігі төмен болды. Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық «Атамекен» одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Тұрсынбек Асанбаевтың айтуынша, «кәсіпкерлердің әлеуметтік көмек ауқымын жоққа шығаруға болмайды. Алайда, олар бір-бірімен үйлесімсіз ,келісімсіз жұмыс істеуге байланысты бір адам көмекке бір емес бес мәрте қарық болса, екіншісі біреулері көмектен мүлдем құралақан қалып жатады. Алыс ауылардың тұрғындары әлеуметтік көмек дегеннен тіпті мүлдем бейхабар». «Осыған байланысты әл-ауқатты кәсіпкерлер мен әр мүгедекке, әрбір мұқтаж отбасына көз қырын сала алатын үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастық үлкен пайда әкелмек»,- деді Т.Асанбаев.

Перейти к новостям спорта