ТМД антитеррорлық орталығы Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" атты командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД антитеррорлық орталығы Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" атты командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізеді

ТМД антитеррорлық орталығы Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" атты командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізеді

17-18-тамызда ТМД антитеррорлық орталығы Ақтау халықаралық теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" атты бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 10 Тамыз 2005
  • 457
Фото - Caravan.kz

Оқу-жаттығулар ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік және арнаулы қызметтерінің жетекшілері кеңесінің 17-отырысының шешімі мен ТМД-ға қатысушы елдердің аумағында лаңкестікке қарсы бірлескен шаралар ды ұйымдастырып өткізу тәртіптері туралы ережеге сәйкес өткізіледі.

Оқу-жаттығулар барысында теңіз инфрақұрылымы нысандарында жасалуы мүмкін диверсиялық — лаңкестік әрекеттердің алдын алу және кепілге алынған адамдарды босатуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды тәжірибе жүзінде пысықтау жоспарланған.
Оқу-жаттығуларға Қазақстан, Ресей және Украинаның арнаулы қызметтерінің өкілдері қатысады. Қазақстан атынан оған ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ІІМ-нің ішкі әскерлері комитетінің бөлімшелері қатысады.
Оқу-жаттығуларға бақылаушы ретінде ТМД арнаулы қызметтері мен атқарушы органдарының жетекшілері, аймақтық антитеррорлық құрылымдар мен алыс шетелдердің қауіпсіздік органдарының өкілдері шақырылған.

Перейти к новостям спорта