Азия даму банкі "Ауыз су" бағдарламасы бойынша Қазақстанға техникалық көмек бөлу туралы тағы бір ұсыныс әзірлеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия даму банкі "Ауыз су" бағдарламасы бойынша Қазақстанға техникалық көмек бөлу туралы тағы бір ұсыныс әзірлеуде

Азия даму банкі "Ауыз су" бағдарламасы бойынша Қазақстанға техникалық көмек бөлу туралы тағы бір ұсыныс әзірлеуде

Азия даму банкі су ресурстары саласы бойынша Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыра бермек. Бұл туралы бүгін, 10-тамызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Казухико Хигучи мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2005
  • 657
Фото - Caravan.kz

Азия даму банкі ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитеті мен Ислам Даму банкімен бірлесіп «Ауыз су» бағдарламасын Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асыруда. К.Хигучидің түсініктемесіне сәйкес, «бұл жерде әңгіме ҚР үкіметі жүзеге асыратын құны 65 млн. доллардың инвестициялық жобасы туралы болып отыр». Азия даму банкі 34,6 млн. долларға тең несиені өзінің қарапайым капитал қорынан 5 жылдық жеңілдетілген мерзіммен ЛИБОР ставкасына сәйкес 25 жылға бермекші. Ал Ислам даму банкі 9,5 млн. доллардың несиесін бөледі.

«2005-жылы біз «Ауыз су» бағдарламасын Қазақстанның басқа да облыстарында жүзеге асыру үшін тағы бір техникалық көмек жобасына ұсыныс әзірлеп жатырмыз»,- деді банк өкілдігінің директоры.
К.Хигучидің айтуынша, жобалар Азия даму банкінің аясында құрылған Жапонияның арнаулы қорынан қаржыландырылуда. «Біз су ресурстары комитеті мен Жапония үкіметі арасында Қазақстандағы су секторын одан әрі жетілдіру саласы бойынша етене жақын ынтымақтастықты одан әрі дамытудан үміттіміз»,- деді К.Хигучи.
Өз кезегінде Қазақстандағы Жапония елшісі Тосио Цунодзаки: «Қазақстандағы су қамтамасыздығы проблемасының маңызын ескерген Жапония үкіметі көмек көрсетуге және Қазақстандағы даму мақсаты үшін Азия даму банкімен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын»,- деп мәлімдеді.
Су ресурстары саласы бойынша Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастық 1997-жылы басталған.
Қазір Қазақстанға техникалық көмек көрсету саласында «Су ресурстары комитетінің ұйымдастырушылық әлеуетін арттыру» және «Ауыз су» салалық бағдарламасын нақтылау» атты екі жоба жүзеге асырылуда. Техникалық көмек мөлшері әрбір жоба бойынша 150 мың АҚШ долларын құрайды.

Перейти к новостям спорта