Мұндай мәлімдеме қабылдауға Алматы базарларында сауда жасаушылардың құқығының қорғалу жайына жүргізілген мониторинг қорытындысы түрткі болған. В.Резванның айтуынша, мониторинг нәтижесінде көптеген заң бұзушылқ оқиғалары әшкереленді. Атап айтсақ, мемлекеттің бақылау-қадағалау функцияларын жеке меншік коммерциялық құрылымдарға беру, бір жолғы талондарды бақылаусыз саудалау, базарлардан бюджетке түсетін алымдар мен салықтарды толық жинамау көріністері әшкереленді.
В.Резванның айтуынша, тек қана бір жолғы талондарды сатудан қала бюджетіне жылына 25 млрд. теңге құйылуға тиіс. «Ал шын мәнінде жылына 980 млн. теңге түсіп отыр»,- деді В.Резван.
Әкімшіліктің қаулысы бойынша 2001-жылдан бері Алматыдағы базарларда бір жолғы талондарды тарату жұмыстарын ұйымдастыру міндеті Қ.Бөкеновке жүктелген.
«Атамекен» одағы жұмыс бабындағы тексеру кезінде Қ.Бөкеновты қала әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босата тұруды және тексеру қортытындысы бойынша оны жұмыстан шеттетуді талап етуде.