Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарының жаппай қырылу оқиғасы алғаш рет тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарының жаппай  қырылу оқиғасы алғаш рет  тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарының жаппай қырылу оқиғасы алғаш рет тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарының жаппай қырылу оқиғасы алғаш рет тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік бас мал дәрігерлік инспекторы Нұрмаш Бейіскенов хабарлады.

  • 11 Тамыз 2005
  • 493
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Дубровный ауылындағы бір жеке меншік шаруашылықта барлығы 23 үй құсы бір уақытта қырылып қалған.

Бұл — Ресей мен Қазақстанда құстар құс тұмауынан қырылды деп жарияланғаннан кейін тіркелген Солтүстік Қазақстан облысындағы алғашқы оқиға. Алайда мамандар қандайбір түсініктеме беруден және облыс аумағына құс тұмауы келді деп дабыл қағудан әзірге бас тартуда. Н.Бейіскеновтың айтуынша, қазір күрделі зерттеулер жүргізілуде. Оның қорытындысы кейінірек жария етіледі деген уәде берілді.

Перейти к новостям спорта