Қарағандыда федералдық іздеуде жүрген РФ азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда федералдық іздеуде жүрген РФ азаматы ұсталды

Қарағандыда федералдық іздеуде жүрген РФ азаматы ұсталды

Қазақстан мен Ресей аумағында ірі көлемде алаяқтық әрекет жасағаны және басқа да аса ауыр қылмыстарға қатыстылығы үшін федералдық іздеуде жүрген РФ азаматы Қарағандыда ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Тамыз 2005
  • 401
Фото - Caravan.kz

Қылмыскерді құрықтау шарасын ҚР ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Қарағанды облыстық ІІБ қылмыстық полициясының және РФ Алтай Республикасы ІІМ ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырды.

Полицияның ақпаратына сәйкес, федералдық іздеуде жүрген қылмыскер жалған құжаттардың көмегімен Қарағанды облысында тұруға ықтиярхат рәсімдеп алған.

Перейти к новостям спорта