Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің инаугурациясына 5400 адам қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің  инаугурациясына 5400 адам қатысады

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің инаугурациясына 5400 адам қатысады

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің инаугурациясына 5400 адам атсалысады. Салтанатты рәсім 14-тамыз, жексенбіде Бішкектің орталық алаңында өтеді. Бұл туралы бүгін, 11-тамызда Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан вице-премьерінің міндетін атқарушы Адахан Мадумаров құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Тамыз 2005
  • 458
Фото - Caravan.kz

А.Мадумаровтың айтуынша, инаугурация шарасына республиканың әрбір облысынан халық құрмет тұтатын әрі танымал 45 адамнан шақырылған.

Қ.Бакиев Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау қорытындысын жария еткеннен кейін ант береді деп күтілуде. Бұдан кейін ол сөз сөйлеп, қонақтар қатарына қосылған соң мерекелік концерт басталады.
Түстен кейін Қырғызстан президенті рәсімге шақырылған мемлекет басшылары, еңбек ұжымдары, зиялы қауым және саяси партия өкілдеріне арнап қонақасы береді. Мерекелік шаралар Бішкектің орталық алаңындағы концертпен аяқталады. Қырғызстан президентінің инаугурациясына келген қонақтар Бішкектегі ең таңдаулы үш мейманханада орналаспақ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шақырылған қонақтардың арасында РФ Федералық кеңесі федералдық жиынының спикері Сергей Миронов, ТМД Атқару комитетінің атқарушы хатшысы Владимир Рушайло, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының атқарушы хатшысы Чжан Дэгуан, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота, Ұйымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа, АҚШ коммерция министрі Карлос Гутиэррес, Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акилов, Түркия қорғаныс министрі Вежди Гонул, Украина сыртқы істер министрі бар. Сондай-ақ ант беру рәсіміне елдің жаңадан сайланған президнтінің зайыбы Татьяна Бакиева, балалары, келіні мен немересі қатысады.

Перейти к новостям спорта