Қазақстан баллистикалық зымырандардың таралуымен күрес жөніндегі халықаралық кодекске бірікті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан баллистикалық зымырандардың таралуымен күрес жөніндегі халықаралық кодекске бірікті

Қазақстан баллистикалық зымырандардың таралуымен күрес жөніндегі халықаралық кодекске бірікті

Қазақстан баллистикалық зымырандардың таралуымен күрес жөніндегі халықаралық кодекске бірікті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 11-тамызда ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 12 Тамыз 2005
  • 409
Фото - Caravan.kz

Депозитті иемденуші-мемлекет — Австрия Республикасына Қазақстан осы жөнінде дипломатиялық нота жолдады. Демек, елімізге Кодекске қатысушы деген мәртебе берілді. Австрия сыртқы істер министрлігінен Қазақстанға жауап нота жіберіліп, аталмыш мәртебе ресми түрде расталды.

Кодекс 1999-2002-жылдар аралығында зымырандық технологияларды бақылау режимі аясында жобаланды.
Құжат 2002-жылдың қараша айында Гаагада бекітілуге байланысты Гаага кодексі деген атауға ие болған. Оған кез-келген ел ерікті түрде біріге алады.
Қазіргі жағдаймен кодекске 121 ел бірікті.
Қазақстанда бүгінде баллистикалық зымыран жоқ.

Перейти к новостям спорта