Еліміздің 4 ауданында эксперимент түріндегі әкім сайлауы өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің 4 ауданында эксперимент түріндегі әкім сайлауы өткізілуде

Еліміздің 4 ауданында эксперимент түріндегі әкім сайлауы өткізілуде

Бүгін, 12-тамызда Еліміздің 4 ауданында эксперимент түріндегі әкім сайлауы өткізілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

  • 12 Тамыз 2005
  • 682
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздің жекелеген аудандары әкімдерінің сынақ түріндегі сайлауы Алматы облысының Ескелді, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Батыс Қазақстан облысының Жаңғала, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында өтеді.

Сайланған әкімді тіркеу мен ол туралы шешімді аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан жоғарғы сатылы әкімге таныстыру 2005-жылдың 16-тамызына дейін іске асырылуы тиіс. Осыдан кейін жоғары сатылы әкім сайланған әкімді бір тәулікте тағайындайды.
Сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, аудан әкімдерін аудандық мәслихаттардың депутаттары сайлайды.

Перейти к новостям спорта