Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12-маусымда М.Тотымбаев облыстық прокуратураның алдында үстіне жанармай құйып өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Денесінің 60 проценті күйіп қалған ол екі күннен кейін қайтыс болды. М.Тотымбаев берешекке байланысты баспанасынан айрылу салдарынан өзін-өзі өртеуге барған болатын. Оның алаяқтық құрбаны болғанын және пәтерін кері қайтарып алу үшін құқық қорғау мекемелерінің есігін тоздыру әрекеттерінен нәтиже шықпаған.
Сөйтіп, соттың шешімімен М.Тотымбаевтың жесірі 600 мың теңге көлеміндегі берешекті өтеген соң өз пәтеріне қайтадан ие болмақ.