С.Нұғмановтың айтуынша, телеарналардың бәрі де жанама құқық иелерімен келісім-шартқа қол қоймаған, кабельдік телевизия операторлары ресейлік және шетелдік арналарды заңсыз ретрансляциялайды, сонымен бірге келісім-шартында көрсетілмеген қалаларда жұмыс жүргізеді.
«Олар осындай айыпқа арнаның хабарларын таратуға дербес құқығы бар екенін алға тартады, бірақ, елімізде бірде-бір оператор немесе арнаның дербес құқығы жоқ»,- деді С.Нұғманов.
С.Нұғмановтың айтуынша, авторлық келісімдерге қол қою тәртіптерін дәйектеу, авторлық құқық нысандарын заңсыз пайдалануға байланысты залал-зардап пен авторлық сыйлықақыны төлеу мәселелерінің басын ашу қажет.
Вице-министрдің мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен елімізде 132 эфирлік және 124 кабельдік телеарна хабар таратуға лицензия алған. Жылдың алғашқы жартысында 19 хабар таратушы ұйымға тексеру жүргізілді. Тексеру материалдары қаржы полициясы мекемелеріне тасырылды.
ҚР әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетіне «Авторлық жәнежанама құқықтар туралы» заңды бұзушылардың лицензиясын жаппай қайтарып алу туралы тапсырма берілген.