ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі Қытай банкінің Қазақстанда жеке тұлғалардың ақша аударымдарын жүзеге асыру жөніндегі лицензиясын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі Қытай банкінің Қазақстанда жеке тұлғалардың ақша аударымдарын жүзеге асыру жөніндегі лицензиясын тоқтатты

ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі Қытай банкінің Қазақстанда жеке тұлғалардың ақша аударымдарын жүзеге асыру жөніндегі лицензиясын тоқтатты

ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі Қытай банкінің (Bank of China) Қазақстанда жеке тұлғалардың ақша аударымдарын жүзеге асыру жөніндегі лицензиясын 6 ай мерзімге тоқтатты. Бұл туралы бүгін, 12-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова құлағдар етті ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Тамыз 2005
  • 865
Фото - Caravan.kz

Лицензияның жұмысын тоқтата тұру туралы шешім Алматы қалалық прокуратурасы жолдаған хаттың негізінде қабылданды. Қалалық прокуратураның KZ-today тілшісіне берген түсініктемесіне сәйкес, Алматыдағы орталық базарда сауда-саттықпен шұғылданатын Қытай азаматтарының Қазақстаннан Қытайға аударған 500 млн. теңгесіне қатысты прокурорлық тексеру кезінде еліміз аумағында сауда-саттық және кәсіпкерлікпен айналысудан тапқан қаржыға салық төлемеу деректері анықталған. Ақша аударымдағы Bank of China-ның филиалы арқылы жүзеге асырылған көрінеді.

Е.Бахмутованың айтуынша, лицензия 30-шілдеде тоқтатылды. Банк басшылығы проблеманы шешу жолдарын қарстырып жатыр.

Перейти к новостям спорта