Құрманбек Бакиев ел президенті ретінде қызметке кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрманбек Бакиев ел президенті ретінде  қызметке кірісті

Құрманбек Бакиев ел президенті ретінде қызметке кірісті

14-тамызда Бішкекте Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиевтің ресми түрде қызметке кірісуіне арналған салтанатты шара болып өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Тамыз 2005
  • 394
Фото - Caravan.kz

Қ.Бакиевтің инагурациясы Бішкектің «Ала- Тоо» деп аталатын орталық алаңында болды.

Қырғызстан Республикасы президентінің ант беру шарасына 5 мыңдай адам қатысты.
Шараға шақырылған қонақтардың арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, РФ Федералық кеңесі федералдық жиынының спикері Сергей Миронов, ТМД Атқару комитетінің атқарушы хатшысы Владимир Рушайло, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының атқарушы хатшысы Чжан Дэгуан, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота, Ұйымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа, АҚШ коммерция министрі Карлос Гутиэррес, Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акилов, Түркия қорғаныс министрі Вежди Гонул, Украина сыртқы істер министрі болды.

Перейти к новостям спорта