Республиканың оңтүстік өңірлерінде күшті жел тұрып, шаңды боран соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың оңтүстік өңірлерінде күшті жел тұрып, шаңды боран соғады

Республиканың оңтүстік өңірлерінде күшті жел тұрып, шаңды боран соғады

Бүгін, 15-тамызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында шығыстан соққан желдің күші секундына 18-23 метрге жетіп, шаңды боран тұрады. Бұл туралы KZ-today тілшісі Қазгидромет РМК-ның ескертуіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

  • 15 Тамыз 2005
  • 324
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшыларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырма жүктелді.

Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Перейти к новостям спорта