Бұл хаттамаға сәйкес екі елдің аудиторлық палаталары өзара тәжірибе және ақпараттар алмасып, бірлескен семинарлар, симпозиумдар мен конференциялар ұйымдастырып, білім беру және маман дайындау саласында өзара ынтымақтастық орнатып, тиісті нұсқаулар мен түсініктемелер дайындайды.
Сонымен бірге құжатта аудит, бухгалтерлік және салық есебіне қатысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірлескен жобалар жасау қарастырылған.
Бұл -Әзербайжан аудиторлық палатасы қол қойған биылғы үшінші осындай меморандум. Қазақстанға дейін Әзербайжан аудиторлық палатасы Литва және Түркияның аудиторлық палаталарымен келісімге келді.