Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" атты командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" атты командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды

Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" атты командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды

Бүгін, 17-тамызда Ақтау халықаралық теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" атты бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 17 Тамыз 2005
  • 383
Фото - Caravan.kz

Оқу-жаттығуларға Қазақстан, Ресей және Украинаның арнаулы қызметтерінің өкілдері қатысуда. Қазақстан атынан оған ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ІІМ-нің ішкі әскерлері комитетінің бөлімшелері атсалысуда.

Оқу жаттығуларды ТМД антитеррорлық орталығы ұйымдастырды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, оқу-жаттығулар барысында теңіз инфрақұрылымы нысандарында жасалуы мүмкін диверсиялық — лаңкестік әрекеттердің алдын алу және кепілге алынған адамдарды босатуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды тәжірибе жүзінде пысықтау жоспарланған.