Иордания королі ресми сапармен Қазақстанға келмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иордания королі ресми сапармен Қазақстанға келмекші

Иордания королі ресми сапармен Қазақстанға келмекші

Иордания королі ІІ Абдулла Бен Хусейн Бен Талал Бен Абдулла ресми сапармен Қазақстанға келмекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2005
  • 406
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Иордания королі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға шақыруын үлкен ризашылықпен қабыл алды. Шақыруды Египет Араб Республикасы мен Иордания Хашимиттер корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Бағдат Әмірееев Жоғары мәртебелі билеушімен кездесу кезінде табыс етті.

Иордания королі өз елінің Қазастанмен жан-жақты етене жақын байланыс орнатуға дайын екенін атап өтті. Иордания билеушісі Астанаға сапарында Қазақстан президентімен келіссөздердің қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындауға мүмкіндік туады дегенге сенім білдірді.
Қазақстан елшісі кездесу барысында Иордания короліне республика аясындағы ішкі саяси ахуал, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы жетістіктер, Қазақстан президентінің «Қазақстан қарқынды экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңалау жолында» атты халыққа арнаған жолдауының басым қағидалары туралы мағлұмат берді.
ҚР СІМ Иордания королінің дәл қашан Қазақстанға келетінін нақтыламай отыр.

Перейти к новостям спорта