Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" командалық-штабтық оқу-жаттығуларының екінші кезеңі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" командалық-штабтық оқу-жаттығуларының екінші кезеңі басталды

Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" командалық-штабтық оқу-жаттығуларының екінші кезеңі басталды

Бүгін, 18-тамызда Ақтау теңіз айлағында "Каспий - Антитеррор- 2005" командалық-штабтық оқу-жаттығуларының екінші кезеңі басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Тамыз 2005
  • 367
Фото - Caravan.kz

Оқу жаттығуларды ТМД антитеррорлық орталығы ұйымдастырды.

Жаттығулардың бұл кезеңінде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі, ҚР ҰҚК мен Украинаның қауіпсіздік қызметтері жаттығуға қатысушы топтар — шартты лаңкестердің бағыт-бағдарын анықтауға бағытталған шұғыл іздестіру шараларын ұйымдастырып өткізуге иашықтанады.
Оқу-жаттығулардың алғашқы күні аясында барысында теңіз инфрақұрылымы нысандарында жасалуы мүмкін диверсиялық — лаңкестік әрекеттердің алдын алу және кепілге алынған адамдарды босатуға бағытталған бірлескен іс-қимылдар тәжірибе жүзінде пысықталды.
Жаттығулардың соңғы кезеңінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің күштері шартты лаңкестік әрекеттің залал-зардаптарын жойды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, оқу-жаттығулар ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік және арнаулы қызметтерінің жетекшілері кеңесінің 17-отырысының шешімі мен ТМД-ға қатысушы елдердің аумағында лаңкестікке қарсы бірлескен шаралар ды ұйымдастырып өткізу тәртіптері туралы ережеге сәйкес өткізіледі.
Оқу-жаттығуларға Қазақстан, Ресей және Украинаның арнаулы қызметтерінің өкілдері қатысуда. Қазақстан атынан оған ҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ІІМ-нің ішкі әскерлері комитетінің бөлімшелері атсалысуда.

Перейти к новостям спорта