Н.Дүтбаевтың айтуынша, халықаралық Ақтау теңіз сауда айлағында «Каспий-Антитеррор-2005» оқу-жаттығуларын өткізуге түрткі болған басты себеп — осы ақпарат болмақ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жаттығуларды ТМД антитеррорлық орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде. Оқу-жаттығулар барысында теңіз инфрақұрылымы нысандарында жасалуы мүмкін диверсиялық — лаңкестік әрекеттердің алдын алу және кепілге алынған адамдарды босатуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды тәжірибе жүзінде пысықтау жоспарланған.